Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Шымкентте үшем дүниеге келді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 ақпанда Шымкенттегі №2 қалалық көпсалалы аурухананың босану бөлімінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте үшем дүниеге келді

фото: Шымкент қаласының Денсаулық сақтау департаменті

Шымкент қаласының тұрғыны 1993 жылы туған Наргиза Әшірметова үшемнің бақытты анасы атанды.

Әшірметовтер отбасында 3 бала бар. Бұл жолы отбасы үш ер баламен толықты.

  • Бірінші баланың салмағы - 1735 грамм, бүгінде - 2300 грамм;
  • Екінші баланың салмағы - 1450 грамм, бүгінде - 2035 грамм;
  • Үшінші баланың салмағы - 1680 грамм, бүгінде - 2310 грамм.

Әйел жүктіліктің 33-ші аптасында босанған.