Фото: Qazaqstan.tv
«Астана-Ыстамбұл-Барселона-Мальорка-Малага бағытына шыққан ұшақ Астанадан кешігіп ұшып, Жәнібек рейстердің бәрінен кешігіп қалған. Бірақ баламыз өзі айтқандай, жолы болғыш бала екен, түрік авиакомпаниясы үш рет ұшақ ауыстырып жететін жеріне бір ғана ұшақпен жететіндей етіп жағдай жасап, тамағын беріп, Ыстамбұлдан Малагаға бір-ақ жететін етіп билетін ауыстырып берген. Адамға адам секілді қараған түрік ағайынға мың алғыс!», деп жазды ол.
Қымбат Досжанның жазуынша, енді бағдарлама қызметкерлері Жәнібектің әкесін іздеуге көшті.
«Баламыздың анасы немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) тез табылса екен деп тілеймін. Әсел екеуміз баланы әр көрген сайын, сөйлескен сайын «тегі жақсы, тіпті мықты тектен» екендігіне көз жеткіземіз», деп түйіндеді журналист.