Сенат • 04 Наурыз, 2024

Трансферттік баға белгілеу туралы заңға түзету енгізу мәселесі қаралды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Трансферттік баға белгілеу туралы заңға түзету енгізу мәселесі қаралды

Фото: Н.Байбуллин

Заң Мемлекет басшысының трансферттік баға белгілеуге бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Сондай-ақ халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кірістердің жоғалуын болдырмауға бағытталған.

Құжат нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіруге, нарық ауанын айқындау тетігін енгізуге, капиталды шығаруға бақылауды күшейту мақсатында тараптардың өзара байланысын кеңейтуге, сондай-ақ тауар биржаларында жасалған мәмілелердегі трансферттік баға белгілеуге бақылауды қайтаруға бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, заң тауар биржаларында жасалған мәмілелер бойынша экспорттық бағалардың төмендемеуіне ықпал етеді. Ол салық салынатын табыстың ұлғаюына, халықаралық мәмілелердің мониторингін жақсартуға септеседі.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.