Алматы • 04 Наурыз, 2024

Жер сілкінісіне байланысты шұғыл жиын өтті

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жер-ана тағы да тосын мінез танытты. ҚР ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісіне байланысты шұғыл жиын өтті

Фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2.

MPV магнитудасы - 6.1.

Эпицентрдің координаттары: 42.93° С. Е. 76.96° ш. б.

Тереңдігі - 10 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Осы төтенше жағдайға байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев шұғыл жиын өткізді.  Қазіргі уақытта аймақтағы жағдай тұрақты, бірақ жедел штаб алдағы іс-шаралар жоспарын талқылауды жалғастырып жатыр. Өңірдегі барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, полиция бөлімі мен медициналық жедел жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Жиында таулы аймақтарда қар көшкіні қаупіне байланысты сақтық шараларын назарға алып, жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын орындау ұсынылды. Тұрғындарды төтенше жинау пункттері белсенді қызмет атқара беретіні және қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемелер мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейтіні хабарланды.

Аймақ басшысының нұсқауымен жер сілкінісінен кейінгі ықтимал зардаптарды анықтау мақсатында облыстағы барлық ғимараттар мен құрылыстарға тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, қабылдау пункттерін дайындау және апаттық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде тапсырма берілді.

«Төтенше жағдайларға жедел назар аудару дайындығы және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз», деді Марат Сұлтанғазиев.

аа