Бокс • 05 Наурыз, 2024

Сәкен сәтті бастады

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Бусто-Арсицио қала­сында өтіп жатқан Олимпия ойын­дарының іріктеу турнирін Қазақ­стан­ның был­ғары қолғап шеберлері сәтті бастады.

Сәкен сәтті бастады

Алғашқы болып рингке көтерілген 51 кг салмақтағы Сәкен Бибосынов Гонконгтың өкілі Каннет Чун Хим Танмен күш сынасты. Бәсеке басталған бетте тізгінді мықтап қолына алған атақты боксшымыз қарсыласын оңдырмай сабады. Үшінші раундта төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут! Келесі кезеңде Сәкен кениялық Каранджей Давид Мачариамен қолғап түйістіреді. Одан кейін 60 кг салмақтағы Римма Волосенконың өнерін тамашаладық. Ол Тринидад пен Тобагоның өкілі Хаднас-Сах Тианна еш қиналмай ұтты.

Кеше Махмұд Сабырхан (57 кг) эфио­пиялық Ядеса Летаны және Нұрбек Орал­бай (80 кг) гаитилық Седрик Белони-Дюльепрені сынақтан өткізді. Алдағы күн­дері көрермендері тағы бірнеше тартысты жек­пе-жектер күтіп тұр.