Қоғам • 05 Наурыз, 2024

"Жолы болғыш бала". Бельгиялықтар асырап алған қазақ жігіті туралы жаңа дерек айтылды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп жүргеніне біршама уақыттың жүзі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жолы болғыш бала". Бельгиялықтар асырап алған қазақ жігіті туралы жаңа дерек айтылды

Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген. Танымал тележүргізуші, "бармысың, бауырым" жобасының редакторы Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты тағы бір жаңа дерек бөлісті.

Оның айтуынша, енді бағдарлама қызметкерлері Жәнібектің әкесін іздемек.

- Достар, Жәнібек балам жайлы соңғы ақпарат. Астана-Стамбул-Барселона-Мальорка-Малага бағытына шыққан Түркіш ұшағы Астанадан кешігіп ұшып, Жәнібек қалған рейстердің бәрінен кешігіп қалған, бірақ, баламыз өзі айтқандай, жолы болғыш бала екен, түрік авиакомпаниясы - үш рет ұшақ ауыстырып жететін жеріне бір ғана ұшақпен жететіндей етіп жағдай жасап, тамағын беріп, Стамбұлдан Малагаға бір ақ жететін етіп билетін ауыстырып берген. Адамға адам секілді қараған түрік ағайынға мың алғыс! Баламыздың анасы, немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) осылайша тез табылса екен деп тілеймін. Баланы Әр көрген сайын, сөйлескен сайын "тегі жақсы, тіпті мықты тектен" екендігіне көз жеткіземіз Әсел екеуміз, - деп жазды журналист.