Оқиға • 05 Наурыз, 2024

«Екі күн қамап ұстаған». Бопсалаушылардан қашпақ болған жігіт 5-қабаттан секіріп кетті (видео)

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 ақпан күні ауыр қылмыс жасап, күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды. Олар таныстарын екі күн бойы пәтерде қамап ұстап, ұрып-соққан, деп жазады Egemen.kz.

«Екі күн қамап ұстаған». Бопсалаушылардан қашпақ болған жігіт 5-қабаттан секіріп кетті (видео)

Фото: видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ұйымдасқан топ екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерде қару-жарақпен қорқытқан. Жәбірленушілердің 300 мың теңге ақшасы  мен ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. 

Ұсталғандардың бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кеткен. Оның ауыр жарақат алғаны анықталды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып, ізін суытпақ болған кезде қолға түсті. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы негізінде іс қозғалды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері Оралда тонау, бопсалау, алаяқтықпен айналысқан колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс тергеліп, күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

«Барлық факті бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз», деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кетейік, ІІМ жыл басынан бері 130-дан аса ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35