Бокс • 05 Наурыз, 2024

Олимпиада жолдамасы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Бусто-Арсицио қаласында  3-12 наурыз аралығында бокстан Олимпиадаға жолдама сарапқа салынып жатыр. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде бақ сынауға мүмкіндік беретін ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 лицензия иегерін анықтау бүгін де жалғасады, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада жолдамасы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін осы бәсекеде ұлттық құрамадан  ерлер арасында 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобагодан келген Доннел Филлипке қарсы қолғап түйістіреді.

Ал 80 келіде құрама капитаны Асланбек Шымбергенов  финляндиялық Сэм Мороватимен шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды.