Мереке • 05 Наурыз, 2024

Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

161 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қызметі қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 2024 жылы 5 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

фото: «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі

Наурыз мейрамында жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз пайдалануға беріледі. Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;

№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;

№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні мерекесі мен Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалына сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

№45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 7, 10, 20, 25 наурыз аралығында;

№139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 7, 11 ,21, 25 наурыз аралығында;

№354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 7, 9, 21, 25 наурыз аралығында;

№623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 8, 10, 20, 24 наурыз аралығында.

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

№22/21 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;

№24/23 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 7, 11, 21, 25 наурыз аралығында;

№34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;

№37/38 «Маңғыстау-Семей» жолаушылар пойызы 8, 10, 22, 24 наурыз аралығында;

№47/48 «Атырау-Астана» жолаушылар пойызы 7, 9, 21, 23 наурыз аралығында;

№313/314 «Маңғыстау-Атырау» жолаушылар пойызы 7, 9, 20, 23 наурыз аралығында;

№614/613 «Орал-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;

№692/691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында.

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

№87/88 «Алматы-Сарыағаш» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;

№77/78 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;

№351/352 «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;

№21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады.