Аймақтар • 05 Наурыз, 2024

Шымкентте мигранттардың әлеуметтік ынтымақтастығы бойынша семинар өтті

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) миссиясымен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп Шымкент қаласында Қазақстандағы мигранттардың әлеуметтік интеграциясы, қосылуы және ынтымақтастығы (ұйымшылдығы) бойынша екі күндік ұлттық семинар-тренинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте мигранттардың әлеуметтік ынтымақтастығы бойынша семинар өтті

фото: uzlidep.uz

Семинар-тренингке қатысушылар алдында ХКҰ Орталық Азия бойынша миссиясының Субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиев мырза, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбілхатин құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар ХКҰ-ның Орталық Азиядағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев мырза өз сөзінде мигранттардың, оның ішінде Ауғанстаннан келген мигранттардың қазақ қоғамына әлеуметтік интеграциялануының аса маңызды екенін атап өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев өз сөзінде адам құқықтарын, соның ішінде Қазақстандағы мигранттардың құқықтарын оның халықаралық міндеттемелері тұрғысынан сақтау мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ құқық қорғау тетіктерін жетілдіруде және барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын нығайтуда Мемлекет басшысының Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларын есепке алудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан әрі Комиссия төрағасының орынбасары жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметінде еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау мәселелерін өзектендіру, еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғауда азаматтық қоғам институттарының әлеуетін толық пайдалану, халықты, оның ішінде мигранттарды құқықтық ағартудың рөліне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев заңның үстемдігіне және қоғамда құқықтық мәдениетті орнатуға, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері аясында әркімнің конституциялық құқықтарын сақтауға ерекше мән беретінін атап өтті.