Фото: qaz_olympics
Аталған жарыс әлі де жалғасып жатыр. Кеше артистік жүзуден өткен сайыста жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуантты. Қыздар арасындағы бәсекеде Карина Мағрупова асқан шеберлік танытып, алтыннан алқа тақты. Күміс және қола медаль таиландтық Патрави Чаяварарак пен өзбекстандық Зиёдахон Тошхужаеваға бұйырды.
Ал еркін соло бағдарламасында аса дарынды жас Даяна Жаманшалова жеңімпаз атанды. Қазақ қызы шешуші тұста қытайлық Ю Дай мен өзбек Сабина Махмудовадан озды.