Әлем • 06 Наурыз, 2024

Илон Маск енді ең бай адам емес

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amazon негізін қалаушы Джефф Безос Bloomberg нұсқасы бойынша 2021 жылдан бері алғаш рет әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск енді ең бай адам емес

Осылайша, Безос тізімдегі Tesla және SpaceX иегері Илон Маскты, сондай-ақ LVMH директорлар кеңесінің төрағасы Moet Hennessy – Луи Вуиттонды, Бернард Арноны тасада қалдырып үлгерді. Олардың байлығы қазіргі уақытта сәйкесінше 198 миллиард доллар және 197 миллиард долларды құрайды.

Безостың капиталын есептеу кезінде оның Blue Origin ғарыштық зерттеу компаниясынан түскен табыс пен Amazon акцияларының сатылымы да ескерілді.

60 жастағы Безос Bloomberg рейтингінде соңғы рет 2021 жылы көш бастаған еді. Одан кейін көшбасшылық орынға Илон Маск жайғасқан. Оның байлығы Tesla компаниясының акциялары бағасының өсуі арқасында өсті. Алайда 2024 жылы Tesla акциялары 24 пайызға, ал Масктың байлығы 31 миллиард долларға азайған.