Аймақтар • 06 Наурыз, 2024

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

Tengrinews.kz мәліметінше, атышулы іс бойынша тыңдау Әлихан Бөкейхан аудандық сотында өтеді. Сот отырысына сотталушы Нұрболат Дәкебаев жеткізілді.

Жәбірленушінің адвокаты Бағдад Хасенов Нұрболат Дәкебаевтың жедел жәрдем жүргізушісіне келтірген жарақатының жеңіл емес екенін дәлелдеу үшін жаңа сараптама тағайындау туралы сотқа арыз жазбақ ниетте екенін айтты. Адвокат жәбірленушіге тағы да ота жасалатынын атап өтті.

Сот отырысында жауапкер Дәкебаев айыптау актісі мен азаматтық талап-арызды алмағанын айтты. Сот 10 минуттық үзіліс жариялады.

Нұрболат Дәкебаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа келіп түсті, ал бастапқыда тергеу ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша жүргізілді.