Аймақтар • 06 Наурыз, 2024

Жас маманға – жайлы пәтер

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде аудан орталығы болған Жезді кенті біршама қиын­шы­лықты бастан өткерді. Дегенмен кейінгі уақытта кентке көзқарас өзгере бастады. Қазір мұнда қытайлық кәсіпкерлермен бірге жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Жас маманға – жайлы пәтер

Жергілікті билік тарапынан да мұндағы халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында нақты іс-шаралардың жүзеге аса бастағаны да байқалады. Айталық, жуыр­да кенттегі алты отбасына жаңа да жайлы үйлердің кілті тапсырылды.

– Әрқайсысының құны 32 млн­­ теңге құрайтын алты үй­дің­ құры­лы­сына аудандық бюд­жет­тен 192 млн теңге қарас­ты­­­рылған болатын. Үш пәтер кентімізге Түркістан облысынан қоныс ауда­рып келген жас мұғалімдердің отбасыларына, қалған үшеуі бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді, – дейді кент әкімі Мұрат­бек Жұмабеков.

Үйлер осы заманғы талаптарға сай етіп салынған. Кенттегі тұр­мысқа қолайлы, жанға жайлы үйлер қатары алдағы уақытта да көбейе бергей.

 

Ұлытау облысы,

Жезді кенті