Фото: smi24.kz
Сол себепті де бірқатар клуб өз ойынын өзге қалаларда өткізуге мәжбүр. Мәселен, «Жетісу» ел біріншілігінің екінші турында «Астананы» Алматыдағы «Жас қыран» стадионында қабылдады. Олар азулы қарсыластарының қарқынды шабуылына ұзақ уақыт бойы төтеп берді. Тіптен, екінші кезеңнің бел ортасында гол да соқты. Бірақ VAR-ға жүгінген төрешілер оны есепке алмады. 87-минутта талдықорғандықтардың қорғаныс шебі сыр берді. Сол мезетте Ян Ворговский есеп ашса, 90-минуттан кейін Елхан Астанов пенальтиді сәтті орындады. Есеп – 0:2. Осы жеңіс арқылы «Астана» жарыс кестесінде бірінші орынға шықты. Елордалық клуб екі ойыннан кейін алты ұпайды қоржынға салды. Ал өзге командалар әзірге тек бір кездесуден ғана өткізді.
Кеше «Қайсар» мен «Қызылжар», «Атырау» мен «Ордабасы», «Тобыл» мен «Елімай» шеберлік байқасты.