Қазақстан • 07 Наурыз, 2024

Шымкент, Семей және Путин: Елімізде балаларға қойылған ерекше есімдер айтылды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелген. Оның көбі Ақмола облысында тұрады (7 адам), деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент, Семей және Путин: Елімізде балаларға қойылған ерекше есімдер айтылды

Фото: ktk.kz

Астанада мұндай есімді тағы 5 адам, Қарағанды ​​облысында 4 адам бар. Сонымен қатар Қазақстан есімді 3 адам Қостанай облысында, 2 адам Маңғыстау облысында, 2 адам Шымкент қаласында, 1 адам Батыс Қазақстан облысында тұрады.

Сондай-ақ елімізде Қазақстанның қала аттарымен аталған азаматтар да бар. Мәселен, 24 Астана, 20 Алматы және 3 Шымкент есімді тұрғын бар. Ал Семей есімді 27 адам, Атырау есімді 15, Түркістан есімді 15, Тараз есімді 14, Ақтау есімді 10, Ақтөбе есімді 1, Талдықорған есімді 1 адам тіркелген.

Ата-аналар сондай-ақ балаларына саяси қайраткерлердің де атын қоюды дәстүрге айналдырып келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасында 12 Қасым-Жомарт, 1 Путин, 1 Трамп және 8 Байден есімді тұрғын бар. 

Биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанда Медина мен Әлихан ең танымал есімдер болды. Статистикаға сүйенсек, бұл айда 517 Медина, 313 Әлихан дүниеге келген.  

Қыздардың есімдері бойынша үздік бестікке Асылым (468 адам), Айша (436 адам), Айлин (387 адам) және Томирис (318 адам) кірді.

Ұл балалар есімдерінің ішінде ең танымал бестікке Мұхаммед (305 адам), Айсұлтан (238 адам), Мұхаммад (231 адам) және Алдияр (219 адам) кірді.