Ауа райы • 09 Наурыз, 2024

Синоптиктер ескертеді: ертең жаңбыр жауып, көктайғақ болады

99 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қатты жел соғып, жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер ескертеді: ертең жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Фото: qazaqstan.tv

Мамандар көктем мезгілінің осы кезеңінде су тасқыны қаупі артуы мүмкін екенін ескертті.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте де аракідік жауын-шашын болады, найзағай ойнайды деп болжанады.

Ел ордасы Астана қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанып отыр.

Өскеменде 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр. 

Павлодар облысында түнде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран, ал өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады.