Спорт • 11 Наурыз, 2024

Асу жеңіске жетті

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше АҚШ-тың Майами қаласында аралас жекпе-жектен өткен UFC тур­ни­рінде Асу «Зұлпықар» Алмабаев өзі­нің екінші кездесуінде жеңіске жетті.

Асу жеңіске жетті

Фото: sports.kz

Майамиде қандасымыз жергілікті файтер Си Джей Вергарамен күш сынасты. 32 жастағы америкалық файтер осыған дейін 17 мәрте жекпе-жекке шығып, 12 рет жеңіске жетті. Бұл айқастардың жетеуін мерзімінен бұрын ақтады. Төрт рет ұтылып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Кездесу басынан аяғына дейін бір сарында өтті. Ара-тұра Си Джейдің сілтеген соққылары Асуға дәл тигенімен, басымдық толықтай біздің спортшы жағында болды. Ол жылдам қимылдап, жиі шабуылдады. Соққыларының көбін дәл дарытты. Нәтижесінде, соңына дейін созыл­ған сайыста барлық төреші Алмабаевтың мықтылығын бірауыздан мойындады. Есеп – 30:27, 30:27, 30:27.

Бұл Асудың 21 кездесудегі 19-жеңісі! Бір кереметі, 2017 жылдан бері қазақтың ұлы 15 рет октагонға шығып, барлық бәсе­кеде басымдық танытты.