Футбол • 11 Наурыз, 2024

Жастар жасыл алаңға шығады

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуропа біріншілігі­нің іріктеу турнирі аясында 21 наурызда Шотландиямен, 26 наурызда Мажарстанмен күш сынасады.

Жастар жасыл алаңға шығады

Бас бапкер Қайрат Нұрдәулетов коман­даның соңғы оқу-жаттығу жиынына мына ойыншыларды шақыртты. Қақпашы­лар – Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Данила Кар­пиков («Шахтер»), Никита Пив­кин («Қайрат»). Қорғаушылар – Әділбек ­Жұма­ханов, Ерсұлтан Қалдыбе­ков («Атырау»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Егор Ткаченко («Қайрат»), Асқар Сатышев («Қайсар»), Даниил Нырков («Ертіс»). Жартылай қорғаушылар – Нұрғайни Бөрібаев, Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Муроджон Халматов («Каспий»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Дави Есімбеков («Черноморец», Ресей), Айбар Абдулла, Абылайхан Назымханов («Шах­тер»), Нұрәлі Жақсылық («Астана»). Шабуылшылар – Иван Свиридов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Бела­русь) және Данил Анкудинов («Днепр-Могилев», Беларусь).