Бокс • 10 Наурыз, 2024

Жолдама қол созым жерде

73 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпия ойындарының лицензиялық турнирін өте жақсы бастаған жерлестеріміз қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз жанкүйелерін бір желпіндіріп тастаған еді. Бірақ көп кешікпей былғары қолғап шеберлеріміз сүріне бастады.

Жолдама қол созым жерде

Бірінші болып Жайна Шекер­бекова (54 кг) жеңілістің кер­мек дәмін татты. Әлем бірін­шілігінің үш дүркін жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының фина­лисі деген дардай атағы бар Жайна есімі көпшілікке бей­мә­лім нигериялық Шухра Кәрім­нің алдында дәрменсіздік танытты. Көп кешікпей Римма Волосенко (60 кг) көрермендер қа­тарына қосылды. Осыған дейін үш қарсыласын жолынына ығыстырған жерлесіміз ши­рек финалда словакиялық Ми­рослава Единаковаға есе жіберді.

Мұхамедсабыр Базарбай­ұлы (63,5 кг) екінші айналым­да болгариялық Радослав Росе­новпен күш сынасты. Үшінші раундта қарсыласының қаба­ғы жарылды. Ондай жағдайда ереже бойынша сол сәтке дейін қай боксшы алда тұрса, жеңіс соның еншісіне жазылады. Бұл ретте Болгария боксшысының бағы жанды. Ал Асланбек Шымбергенов (71 кг) польшалық Дамиан Дуркачқа шаң қаптырса, Айбек Оралбай (92 кг) Оңтүстік Кореяның өкілі Юнг Ха Ныльдан басым түсті.

Келесі тәулікте тағы төрт был­ғары қолғап шеберіміз рингке көтерілді. Наталья Богданова (66 кг) аргентиналық Лорена Соледад Балбуэннен айласын асырса, Нұрбек Оралбай (80 кг) Тогоның дене бітімі келіскен төртпақ жігіті Превой Падабадиі ұтты. Алуа Балқыбекова (50 кг) чехиялық Клавдия Тотованы тізе бүктірсе, Махмұд Сабырхан (57 кг) таиландтық Сарават Суктетке сан соқтырды.

Сенбі күні үш отанда­сымыз­дың өнерін тамашаладық. Ва­лен­тина Хальзова (75 кг) жас­тар арасындағы әлем бірін­ші­лігінің жеңімпазы, түркиялық Бюшра Ишилдардан басым түсті. Наталья Богданова (66 кг) польшалық Анета Рыгель­ска­дан ұтылды. Айбек Орал­бай (92 кг) 2019 жылғы әлем чем­пио­натының күміс жүл­де­гері, эквадорлық Хулио Сесар Кастильо Торресті қапы қалдырды.