Көрме • 10 Наурыз, 2024

Тұран ойпатының өркениеті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галерея­сында Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі фотосуретші Шакимардан Мәжитұлының «Тұран ойпатының өркениеті» атты көрмесі ашылды.

Тұран ойпатының өркениеті

Галереяның екі залына орна­лас­қан фотолар ширек ғасырдағы тыным­сыз еңбек жемісі. Мұнда әсіресе тарихқа қызыққандар мен болашақ археологтер үшін дерек алар туынды көп. Өйткені Шаки­мардан Мәжитұлы ежелгі өркениет ізі сақталған өңір­дегі тарихи орындар мен көне көмбелерді таспалаған фото­суре­т­ші.

Көр­менің ашы­лу сал­т­а­натында облыс­тық мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасы бас­шы­сының орынбасары Қуаныш Жанұзақов, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев көрме иесінің өңірдің мәдени-рухани фотошежіресін жасаудағы еңбегін атап өтті.

Көрермен назарына көр­медегі Сырдағы сақтар тари­хы­нан сыр шертетін қала­лар мен қорғандар, орта­ғасыр­лардағы кесенелер бір­ден ілінеді. Екі ғасырдан астам тарихы бар Қызылорда қаласының кешегісіне куәгер ескерт­кіштер мен ғимараттар, Сырдың сұлу табиғаты бей­не­ленген фотолар да осында.

Облыстық тарихи-өлке­тану музейінің құрылғанына 85 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған көрмеде автор­дың жеке қорындағы фотоаппарат түрлері, суреттері енген кітаптар да қойылды.

 

Қызылорда