Есірткі • 11 Наурыз, 2024

СҚО-да қос құрбы есірткі жасырумен айналысқан

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінген екі әйелді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да қос құрбы есірткі жасырумен айналысқан

Фото: ҚР ІІМ

Олардың бірі – 33 жастағы келіншек. Анықталғандай, 2022 жылдың қыркүйек айында оның күйеуі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, қазір бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.

Әйелдің жанында болған 36 жастағы құрбысы да ұсталды. Ұсталғандарды және олардың тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде 700 грамнан астам ұнтақ тәрізді және кесектелген зат тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл тұз деген атаумен белгілі α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты.

Сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған заттар тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Есірткіні аса ірі көлемде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз. Қазіргі уақытта 33 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес күдіктілер бұл қылмыстарымен 4 айға жақын уақыт айналысқан», деді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Руслан Сапаров.