Ән • 11 Наурыз, 2024

Жаңа құрылған гитаристтер квинтеті «БасТау» атты концерт өткізеді

38 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлінінің қолдауымен филармонияда Мемлекеттік академиялық классикалық гитаристтер квинтеті құрылды. Айтулы оқиғаға орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында Мемлекеттік академиялық гитаристтер квинтетінің ресми ашылуы және алғашқы «БасТау» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа құрылған гитаристтер квинтеті «БасТау» атты концерт өткізеді

Фото: afisha-krasnodar.ru

90 жылға жуық тарихы бар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы құрамында республикамызда ғана емес бірқатар шет мемлекеттерге де танымал 4 ірі шығармашылық ұжым бар. Одан бөлек еліміздің музыка өнерінің қарашаңырағында ішекті аспаптар квартеті, қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті мен солисттер бар. 1935 жылдан бастап халқымыздың рухани дамуына адал қызмет етіп келе жатқан филармонияның репертуары қазақ халқының музыкасымен қатар әлемдік классикалық музыкадағы шығармаларға бай.

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлінінің қолдауымен филармонияда Мемлекеттік академиялық классикалық гитаристтер квинтеті құрылды. Елімізде алғаш рет ашылып отырған квинтет құрамында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алған талантты гитара аспабының шеберлері өнер көрсетеді.

Осыған орай 20 наурыз сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында Мемлекеттік академиялық гитаристтер квинтетінің ресми ашылуы және алғашқы «БасТау» атты концерті өтеді.

п

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Бауыржан Жылқыбаев - квинтетнің көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты.

Квинтет құрамында:

  • Ақбар Қиарыстан (гитара)
  • Ұлан Ахметов (бас гитара)
  • Асан Нарбота(гитара)
  • Зәуре Нарбота(гитара)
  • Бауыржан Жылқыбаев(гитара)

 Концертке қатысатындар:

  • Аида Аюпова (скрипка)
  • Хасан Мацаев(кахон)
  • Ертай Мамырхан(фортепиано)
  • Ермек Меденов(саксофон)

Бағдарламада: Құрманғазы - «Адай», Н.Тілендиев - «Құстар әні», «Әлқисса», Б.Жылқыбаев - «Amigo», «Kazakh rumba», «Қайырлы таң», «Nomads», М.Әубәкіров - «Наркескен», Gipsy kings - «Inspiration» Love and liberte», Jesse Cook -«Gipsy», «Tempest», «Mario takes a walk», Монти - «Чардаш», Rodrigo y gabriela - «Puss in boots», «Tamacun», Depapepe - «Katana», В.Дидюля - «Уличные страсти».