«Доп» жаттығуында жерлесіміз тамаша өнер көрсетті. Финалдық сайыста 33.40 ұпай жиған Тәниева барлық қарсыласынан қара үзіп, бас жүлдені олжалады. Өзбекстанның өкілі Тахмина Икромова (32.600 ұпай) күміс алса, словениялық Екатерина Веденеева (32.200 ұпай) қолаға қол созды. Бұл – Елжананың биылғы маусымдағы тырнақалды жеңісі.
Кейінгі кездері Елжана Тәниева түрлі халықаралық додада дараланып, өз жанкүйерлерін қуантып жүр. Тарқатып айтсақ, 2021-2023 жылдар аралығында ол Азия ойындарында – 2 күміс, Дүниежүзілік универсиадада – 2 күміс, 1 қола, Азия чемпионатында – 1 алтын, 6 күміс, 2 қола және Ислам ынтымақтастығы ойындарында 1 алтын, 3 қола алды.