Спорт • 13 Наурыз, 2024

Үш белбеу сарапқа салынады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлемінде зор беделі бар Қазақстанның Naiza және Ресейдің Fight Nights промоушендері 18 мамырда Алматыда дүбірлі дода ұйымдастыруды көздеп отыр.

Үш белбеу сарапқа салынады

Фото:sports.kz

Аталған жарыста үш бірдей титулдық бә­секелер өтеді. Атап айтсақ, кештің басты жек­пе-жегінде жерлесіміз Фаниль «Ноғай» Рафиков (22-7) пен әзербайжандық Нариман «Байрақтар» Аббасов (29-5) айқасады. Екеуі­нің де тәжірибелері әбден толысқан сақа спорт­шылар. Сәбит Жүсіпов (16-3) жартылай жеңіл салмақтағы Fight Nights нұсқасының чемпион­дық атағын қорғап қалу үшін Каспий теңізінің арғы жағалауынан келген тағы бір файтер Магеррама Гасанзадемен (9-1) күш сынасады.

Ал Naiza промоушені алтын белбеуінің иегері дағыстандық Рамазан «Горец» Гасанов (10-0) пен отандасымыз Самандар «Астаналық гангстер» Рузматов (6-0) арасындағы айқаста анықталады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024