Теннис • 13 Наурыз, 2024

Бразилияда бас жүлде алды

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилияның Ресифи қала­сында өткен турнирдің жекелеген сайы­сының финалында ұтылғанымен, жұптық бәсекеде бас жүлдені олжалады.

Бразилияда бас жүлде алды

Жерлесіміз жергілікті ойыншы Дутра Да Сильвамен бірге барлық қарсыласын сыпыра ұтып, финалда Луис Бритто мен Сарайва Дос Сантосқа (Бразилия) сан соқтырды. Есеп – 6:3, 6:4. АҚШ-тың Финикс қаласында тағы бір турнирдің тұсауы кесілді. Іріктеу сынының екінші кезеңінде Бейбіт Жұқаев чехиялық Вит Корпивенің осал тұсын таба алмады. Енді қандасымыз жұптық жарыста бақ сынап көрмек. Жұқаев пен оңтүстіккореялық Сон Чан Хонг 1/8 финалда Митчелл Крюгер/Денис Кудламен (АҚШ) күш сынасады.

Мажарстанның Секешфехервар қала­сында «Челленджер» санатындағы турнирдің шы­­мылдығы түрілді. Бұл жарыстың тұсау­кесер кездесуінде Тимофей Скатов ита­лия­лық Ан­дреа Пеллегриноға жол берді – 7:6, 2:6, 4:6.