Астанада 12 наурызда өткен соттың алдын ала тыңдауында сот күдікті Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп шешті.
Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың ісін прокурорға қайтарудан бас тартылатынын да мәлімдеді. Сонымен бірге Бишімбаев тарапының істі «Абайсызда кісі өлтіру» бабына ауыстыру туралы өтініші де мақұлданбады.
Сот Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген видеоны алып тастау, тергеу экспериментін жүргізу, Нүкенованың әкесіне және басқа да бірқатар адамға психиатриялық сараптама тағайындау туралы өтінішті де қанағаттандырмады. Мұның бәрі Бишімбаевтың қорғаушыларының сотқа қойған талабы еді.
Еске салайық, 11 наурызда Қуандық Бишімбаев істі алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтініш айтқан.