Бокс • 16 Қаңтар, 2017

Головкин: Джейкобс орта салмақтағы үздіктердің бірі

9594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Дэнниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Головкин: Джейкобс орта салмақтағы үздіктердің бірі

Ол өзінің қарсыласын орта салмақтағы чемпион деп атап, оның күші мен жылдамдығына да аса мән беру керектігін айтты.

«Бәрі үлкен нокаутты күтіп жүр. Бокс болғандықтан мен үлкен драмалық шоуды ұнатамын. Джейкобстың чемпион және орта салмақтағы үздіктердің бірі екенін жақсы білемін. Оның тәжірибесі де мол. Ал жылдамдығы мен күші өз алдына бөлек әңгіме», – деді Головкин.

Бұған дейін Джейкобс қазақстандық спортшыдан жасқанбайтынын айтып, жеңіске жету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын, сондай-ақ барлық белбеуін тартып алуға қауқарлы екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қос боксшының арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.