Қоғам • 13 Наурыз, 2024

Бишімбаев ісі: Журналистер сот залына неге кіре алмады?

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына журналистердің кіргізілмеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаев ісі: Журналистер сот залына неге кіре алмады?

Фото: primeminister.kz

Аида Балаева министрліктің әрқашан журналист құқықын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обьективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті.

«Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізе бастайды», деп жазды А. Балаев.

Министр БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, 11-12 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын-ала сот тыңдалымы өтті. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылды. Сотталушы өз кінәсін мойындамайтынын айтып, алқабилер сотын тағайындауды сұрады. Сот оның өтінішін қанағаттандырды. Ашық сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында өтеді.