Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов бұл турнирге қосалқы құрамдағы балуандарды апаруды жөн көрді. Атап айстақ, 60 кг салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Дәурен Сүйеукенов сайысқа түседі. Нұрқанаттың Олимпиадаға баруына мүмкіндігі бар. Аса жеңіл салмақтылардың рейтингінде ол 21-орында тұр. Серікбаевтың тұғыры Елдос Сметовтен (26-орын) жоғары болғанымен, Мағжан Шамшадиннен (17-орын) төмен. 66 кг салмақта Есет Қуанов пен Сұңғат Жұбатқанға сенім артылып отыр.
73 кг салмақтың үздіктері Данияр Шамшаев пен Жансай Смағұлов келесі іріктеу сынына дайындалып жатыр. Бұл жолы олардың орнын Асқар Нарқұлов пен Бақытжан Әбдурахманов басты. 81 кг салмақта Мәди Амангелді мен 100 кг салмақта Ислам Бозбаев татамиге шығады.
Ал талай сүзгіден өткен сақа спортшылар – Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай алыптармен айқасады.