Осы бағытта ғалымдар бір жыл зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар әртүрлі өткізгіш полимер наноқұрылымдарын, соның ішінде қуыс сфераларды, нанокеселерді, нанокеселерден құралған 2D парақтарын, 3D және олардың композиттерін жасау үшін қарапайым синтез тәсілі арқылы жүзеге асырды. Анилин туынды мономерін полимерлеуге арналған реакция жағдайындағы өзгерістер (рН, мономер және тотықтырғыш концентрациясы) жоғарыда аталған наноқұрылымдардың пайда болуына әкеледі.
Полимерлердің бұл түрлері тоқ өткізгіш жабысқақ таспалар, медициналық бинттер және роботтық қолдарға арналған қайтымды беттерге қолдануға жарамды. Сондай-ақ нанокеселер мен қуыс сфераларды электрлік стимул арқылы іске қосуға болатын дәрі тасығыш ретінде пайдаланады.
Полимерленудің кинетикалық бақылау арқылы ДНҚ оригамиден бастап, гекконнан әсерленген наноқұрылымға дейін дәрілік заттарды жеткізуде, энергия сақтауда және жабысқақ материал ретінде қолдануға болатын өткізгіш полимерлердің бұрын-соңды болмаған наноқұрылымдарын жасауға болады. Мысалы, бұл геккон саусақтарының шаштарына ұқсас жабысқақтығын (шамамен 8 Н/см2) көрсете алатын бірінші өткізгіш полимерлі материал.
Бұл ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмысы әлі де жалғасады. Әсіресе электрлік стимул арқылы жабысқақтықты басқару бойынша зерттеуге маңыз беріліп отыр.