Бокс • 15 Наурыз, 2024

Белградтағы бәсеке

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның астанасы Белградта бокс­тан «Бранко Пешич мемориалының» шымылдығы түрілді. Бұл жарыста еліміздің 12 былғары қолғап ше­бері бақ сынап жатыр.

Белградтағы бәсеке

Жерлестеріміздің арасындағы ең атақ­тысы – Санжар Тәшкенбай (51 кг). Ол 2022 жылы Азия чемпионы атанса, 2023 жылы төрткүл дүниенің теңдессізі деп танылды. Сақа спорт­шылар арасынан ел біріншілігі мен халық­аралық турнирлерде сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілген Олжас Боқаевты (+92 кг) атап өтуге болады. Өзге салмақ дәрежелерінде Ернұр Қайрат (48 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Ерасыл Таңқай (63,5 кг), Сабыржан Ақхал­ықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) және Данияр Рақымбердиев (92 кг) өнер көрсетіп жатыр.

Бірден айта кетейік, қатысушылар са­нының аздығынан С.Тәшкенбай, Д.Молда­шев, О.Боқаев жарысты жартылай финалдан бастаса, Е.Қайрат бірден финалға шықты.