Пікір • 15 Наурыз, 2024

Дамуға серпін береді

86 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміз экономикалық саясаттағы батыл өзгеріс­тер­­ге бет бұрды. Бұл тұр­ғыда Президенттің әділетті Қазақстанның берік негі­зін құрайтын қоғамдық құн­ды­лық­тар жүйесін нығайтуға күш салу туралы ұсынысы дер кезінде айтылып отыр.

Дамуға серпін береді

Былтыр Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа идеологиялық стратегиясын іске асыру жөніндегі нақты қадамдарды белгілеп берген еді. Оның басты басымдықтары ретінде Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды, ұлттық құндылықтар жүйесін ны­ғайтуды айқындады. Бұл – әдеп пен патриотизмнің мұраттары, ең­бек пен білімге берілу, заңдылық пен тәртіпті сақтау, гуманизм мен жауапкершілік.

Мемлекет басшысы атап өткен­дей, Ұлттық құрылтай қоғам­­­дық диалогтің бірыңғай институ­­цио­налдық моделін қалыптастырып, халық пен билік арасын байланыс­тыратын дәнекер, осы мақсаттарға жету жолындағы қоғамдық бірі­гудің және нақты қадамдардың жаңа стратегиясын әзірлеудің негізгі тұғырнамасы болуға тиіс. Себебі бүгінде қоғамның бірлігі ғана еліміздің дамуына серпін бере алады, біз тек күш біріктіргенде ғана әділетті Қазақстанды құра аламыз.

Ұлытау және Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың алдыңғы екі отырысының нәтижесінде ортақ құндылықтарымызды, оның ішінде саяси сипаттағы және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мәсе­ле­лерді нығайту және ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірленді. Ең бас­тысы, біз ұлттық құндылықтарды ілгерілету, жаңа қазақстандық біре­гейлікті қалыптастыру бойынша нақты қадамдар жасай алдық деген сенімдемін.

Ұлттық құрылтай өзінің айналасына үлкен институционалдық әлеуеті бар барлық облыстық қоғам­дық кеңесті, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенді өкіл­дерін, қоғамдық пікір көшбас­шыларын, ға­лымдарды шоғыр­ландырды. Бұл институттың жұмысына тек саяси қайраткерлер мен зиялы қауым өкілдерінің емес, сонымен қатар елдің даму мәселелеріне бейжай қарамайтын азаматтардың, өндірістің, ірі, шағын және орта бизнес өкілдерінің де қосылғаны маңызды. Бұл диалогте плюрализм бар екенін көрсетеді және қоғамдық пікірталастың сапасы мен осы алаң­ның тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Әртүрлі дін, менталитет, этнос өкілдерінен тұратын қоғам­ның әралуандылығы Ұлттық құрылтайдан шет қалған жоқ. Осының арқасында біз бүгінгі қо­ғам­ды толғандыратын ең өзекті мәселелер бойынша идея­лар мен пікірлердің толық спектрін тың­дай аламыз. Өйткені диалогке қа­тысушылардың барлығының ортақ мүддесі бар, бұл – мем­ле­кеті­міз­ді дамыту және ел тәуел­сіздігін нығайту.

Сонымен қатар Quryltai арнайы мобильді қосымшасын құру барлық отандасымызға қоғамның маңызды мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік берді. Ұлттық құрылтай мүшелерінен 400-ге жуық ұсыныс енгізілді, олардың 40-қа жуығы отырыс кездерінде айтылды.

Біз бүгін осы жұмыстың нәти­­­жесін көріп отырмыз. Бұл қа­был­данған заң жобаларында, әйел­дер мен балалардың құқықтарын қорғауға, отандастарымыздың ден­саулығын қорғауға, тарихи құн­ды­лықтарды насихаттауға қатысты талқыланатын заңнамалық бас­та­маларда көрініс табады. Қазір осы мәселелер бойынша Сенаттың барлық комитетінде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, нә­тижесі қоғамды дамытуға және отандастарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған заңдар болатыны сөзсіз.

 

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

Сенат депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі