Сенат • 15 Наурыз, 2024

Ғалиасқар Сарыбаев: Нақты жауап деп білемін

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерген мәселелерінің бірі идеология мәселесі болды.

Ғалиасқар Сарыбаев: Нақты жауап деп білемін

Фото: Сенат

Президент өз сөзінде: «Бүгінде маңызды идеологиялық тұжырымдарымыз бен негізгі бағыттарымыз - Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Ұлтымыз осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, болжаусыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырда лайықты орнын табады. Құзырлы мемлекеттік органдардың бәрі өз жұмысын қайта қарап, осы тұғырнамаға үйлестіруі қажет!», деп айтты.

Кейбір сарапшылардың: «Қазақстанда идеология жоқ», деген пікірлеріне нақты жауап деп білемін.

Бұл жерде Оқу-ағарту министрлігі мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру  тәсілдерін жаңартуы, жоғары оқу орындары мен колледждер студенттермен жүргізілетін жұмыста рухани құндылықтарды іске асыруы, Қарулы күштеріміз әскери-патриоттық іс-шараларға ат салысуы қажет.

Ғалиасқар Сарыбаев,

Парламент Сенатының депутаты