Аймақтар • 16 Наурыз, 2024

Түркістан облысында бір үйдің үш баласы тоқ соғып, қайтыс болғаны рас па?

940 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында телефон қуаттағышынан тоқ соғып, бір үйдің үш баласы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында бір үйдің үш баласы тоқ соғып, қайтыс болғаны рас па?

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желіде таралған ақпараттың фейк екенін мәлім етті.

- Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығышнан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген ақпаратта.

Министрлік дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздерін ұстанып, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырды.