Қоғам • 16 Наурыз, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға сыйлаған тазылар Елисей сарайында жүр

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр қараша айында Астанаға сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге "Этноауыл" көрмесін аралаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға сыйлаған тазылар Елисей сарайында жүр

Көрме орталығын тамашалау барысында мәртебелі мейманға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған еді. Сол кезде Мемлекет басшысы франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген.

Кейін, көп ұзатпай Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. 

Макронның жеке фотографы сол тазылардың фотосын жариялады. Иттер Франция президентімен бірге Елисей сарайында жүр.