Қысқы спорт • 18 Наурыз, 2024

Данил дара шықты

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Закопане қаласында шаң­ғымен трамплиннен секіруден FIS кубогінің кезеңдік сайысы өтті.

Данил дара шықты

arbatmedia.kz

Аталған жарыста 249,5 ұпай жиған Данил Васильев алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Германиялық Мартин Хаманн (274,5 ұпай) күміс медальды иеленсе, Ульрих Волгенант (246,5 ұпай) қолаға қол созды. Қазіргі кезде барша Қазақстанның жанкүйелері Данилдің жеңісіне қуанып отыр. Себебі осы күнге дейін еліміздің бірде-бір спортшысы FIS кубогінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген емес.

19 жастағы алматылық трамплиннен се­кіруші бұған дейін де бірқатар халықаралық жарыста жүлде алып, көпшілік назарын өзіне аударған. Солардың арасындағы ең ірісі – Дүниежүзілік Универиадада­ғы алтыны. Былтыр Васильев АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында алауы тұтанған студенттердің сайысында дара шықты.