Қоғам • 17 Наурыз, 2024

Тоңып қалған: Алматыда жедел жәрдем бригадасы қоқыс арасынан бала тауып алды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоңып қалған: Алматыда жедел жәрдем бригадасы қоқыс арасынан бала тауып алды

- Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", - делінген Elitar.kz парақшасына жарияланған жазбада.

 Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған.

Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.