Спорт • 19 Наурыз, 2024

Антальяға аттанады

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-31 наурыз аралығында Түркияның Антальясында дзюдодан Grand Slam турнирінің жалауы желбірейді.

Антальяға аттанады

Фото: olympic.kz

Еліміздің әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев 10 шәкіртіне сенім артып отыр. Анадолы еліне атта­натындардың арасындағы ең атақтысы – Әбиба Әбужақынова. Аса жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың алтын асықтай қызы көптеген байрақты бәсе­кеде атой салып, барша жанкүйерлерді қуантты. Биылдың өзінде ғана «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде Әбиба бірнеше мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Осындай орасан табысының арқасында ол Қазақстанның дзюдошылары арасынан әлемдік рейтингте ең жоғары тұр. Қазіргі кезде Әбужақынова – төртінші орында.

Ал өзге салмақ дәрежелерінде Диана Букреева (48 кг), Толғанай Әбеуова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Самалай Ер­ғалиева мен Гүлнұр Бақанова (63 кг), Екатерина Токарева (70 кг), Маргарита Гриценко мен Аруна Жангелдина (78 кг) және Ақерке Рамазанова мен Мәдина Парагульгова (+78 кг) бақ сынайды.