Спорт • 18 Наурыз, 2024

Никиша – күміс жүлдегер

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Нидер­ландтың Роттердам қа­ла­сында өтіп жатқан әлем чемпионатында 28 жастағы қостанайлық спорт­шы Денис Никиша күміс медальды олжалады.

Никиша – күміс жүлдегер

Жерлесіміз 500 метрлік қашықтықты 41.676 секундта жүгіріп өтті. Ол тек Қытайдың атақты спортшысы Сяоцзюнь Линнен қалып қойды. Қо­ла медальды канадалық Джор­дан Пьер-Жиль иеленді. Осы­лайша, Қазақстанның ұлт­тық құрамасы өз тарихында тұңғыш рет ересектердің дү­ние­жүзілік додасында жүл­де алды.

Жалпы, Денис Никишаның  жанкүйелерін қуантып жүр­геніне бірер жылдың жүзі болды. Атап айтсақ, 2014 және 2015 жылдары ол Түр­кияның Эрзурумы мен Жапо­нияның Осакасында ұйым­дастырылған жастардың әлем біріншілігінде қола медальды мойнында жарқыратты. 2017 жылы Алматы мен 2019 жылы Красноярскіде алауы тұ­танған Дүниежүзілік Уни­версиадада төрт рет үшінші орынға табан тіреді. Әлем кубогінің кезеңдік сайыстарында 2 алтын, 4 күміс және 4 қоланы еншіледі.

Сонымен қатар отандасымыз үш бірдей Олимпия ойындарына қатысты. 2014 жылы Сочидегі эстафеталық сайыста Денис бесінші орын алса, 2018 жылы Пхенчханда алтыншы сатыға жайғасты. Ал 2020 жылы Бейжің Олим­пиадасының 500 метрлік бәсе­кесінде сегізінші орынға тұрақтаса, 2000 метрлік са­йыс­та үздік бестікті түйіндеді.