Үкімет • 19 Наурыз, 2024

Кешенді бағдарлама әзірленеді

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған Президент тапсырмалары мен бастамаларын орындау мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Кешенді бағдарлама әзірленеді

Жиынға Премьер-министр­дің орынбасары Тамара Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құ­рылымдық бөлімшелерінің жетек­шілері, сондай-ақ Мәде­ниет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Туризм және спорт, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс ми­нистр­ліктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақ­стан­ның стратегиялық зерт­теулер институтының және Пре­­зидент жанындағы Орталық ком­муникациялар қызметінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Прези­денттің бастамалары мен тапсырмаларын орындау үшін орталық және жергілікті мемлекеттік орган­дардың жұмысын ұйым­дастыру мәселесі егжей-тегжей талқыланды.

Ерлан Қарин Президенттің Атырауда өткен құрылтайдағы сөзінде мәдени-гуманитарлық және идеологиялық саладағы мемлекеттік саясаттың тұжы­рым­­дамалық тың тәсілдері ай­қын­далғанын атап өтті.

Мемлекет басшысының бас­тамаларын жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдар­ға Парламентпен бірлесе оты­рып, есірткі өндіретін адамдарға жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік наг­радалар, ономастика, архео­логия­лық қызмет туралы заң­намаға және басқа да заң жобаларына түзетулер енгізу жөнінде тапсырма берілді. Сонымен қатар лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу тәсілдері қарастырылды.

Уәкілетті мемлекеттік ор­ган­дарға Президент ұсынған жал­пыұлттық құндылықтарды арнайы кешенді жоспарға сәйкес ілгерілету үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыру міндеті жүктелді.