![Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды](/media/2024/03/19/photo_465996.jpeg.webp)
Фото:gov.kz
Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.
Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.
Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.