Спорт • 19 Наурыз, 2024

«Көзінен қорқыныш көрдім»: Таеквондошы жеңісі туралы айтты

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирінде 17 жасар Батырхан Төлеуғали (80 келі) шешуші кездесуде Сауд Арабиясы өкілі, турнирдегі үздік спортшылардың бірі саналған Әли Мабрук әл-Мабрукті жеңгені белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«Көзінен қорқыныш көрдім»: Таеквондошы жеңісі туралы айтты

Фото: b1rinshibol

Батырхан Төлеуғали жеңісі туралы пікір білдірді.

«Кездесу алдында қарсыласымның көзіне қарадым. Оның сенімсіздігі қатты білініп тұрды, қорқып тұрғанын көрдім. Содан соң, өзіме деген сенім де арта түсті. Өздеріңіз көргендей, лицензия алып, ата-анамды, бапкерлерімді, күллі жанкүйерді қуантып жатқан жайым бар. Шыны керек, менде Парижге барамын деген сенім жоғары болды. Барша мамандар мен қалың жанкүйердің тілегі сенімімді шыңдай түсті», делінген b1rinshibol инстаграм парақшасында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ тағы бір лицензияны иеленген 20 жастағы отандасымыз Самирхон Абабакиров  58 келіде сынға түсіп, үш қарсыласын қапы қалдырған еді.