Спорт • 20 Наурыз, 2024

Бейруттегі бәсеке

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-21 наурыз аралығында Ливанның бас шаһары Бейрутте үстел теннисінен «WTТ Feeder Beirut 2024» деп аталатын халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.

Бейруттегі бәсеке

20 мемлекеттен келген 120-ға тарта спорт­шының қатысуымен өтетін дүбірлі додада Қазақстанның 10 өрені өнер көрсетеді. Олар – Айдос Кенжеғұлов, Сарвиноз Мірқадірова, Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Сан­жар Жұбанов, Әнел Бақыт, Ескендір Харки, Ангелина Романовская, Ырысбек Артық­метов, Арай Әшкеева. Есімдері аталған жерлестеріміздің дені бірқатар халықаралық додаға қатысып, үлкен тәжірибе мектебінен өтті. Сондықтан да жанкүйерлер Таяу Шығыс­­тағы турнирден отандастарымыз олжалы оралады деп үміттеніп отыр.

Десек те біздің үстел теннисшілеріміздің қарсыластары да азулы. Өзгелерді айтпағанда, Бейруттегі бәсекеде Олимпия ойындарының командалық есептегі қола және алты дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Ду Хойкем (Гонконг), әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы Ан Джэ Хён (Оңтүстік Корея), Азия чемпионатының он дүр­кін жүлдегері Чуан Чи-Юань (Тайпей), Азия чемпионатының командалық есептегі қола жүлдегерлері Хармит Десай, Манав Так­кар, Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) сынды саңлақтар бақ сынайды.