Теннис • 20 Наурыз, 2024

Рейтингте көтерілді

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңартылған әлемдік рейтингте елі­міз­дің бірқатар теннисшісі өз жағдай­ларын жақсартты.

Рейтингте көтерілді

Әйелдер арасындағы еліміздің ең үздік ойыншысы Елена Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Ол тек польшалық Ига Швентек, беларусьтік Арина Соболенко және америкалық Кори Гауффтан ғана қалып ке­леді. АҚШ-тың тағы бір мықты ойын­шысы Джес­сика Пегула WTA тізіміндегі үздік бес­тікті түйендеді. Индиан-Уэльстегі тур­нир­дің 1/8 финалында өнер көрсеткен Юлия Пу­тинцева 11 сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 66-орынды иеленіп тұр.

Ерлердің рейтингінде Александр Бубликтің қарқыны қуантады. Осыдан он шақты күн бұрын ғана ТОП-20 ойыншының қатарына енген ол бұл күндері 17-сатыға жайғасты. Бұл – Бубликтің жеке рекорды. Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко бір­неше сатыға төмендеп, 54-орынды қанағат тұтуда. АТР тізімінде Новак Джокович жеке-дара көш бастап тұр. Сербияның саңлағын испаниялық Карлос Алькарас, италиялық Янник Синнер, ресейлік Даниил Медведев және гер­маниялық Александр Зверев өкшелеп келеді.