Оқиға • 20 Наурыз, 2024

Қостанай облысында ауыл әкімі асылып қалған

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 наурызда Ұзынкөл ауданы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып қалған күйі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz TobolInfo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында ауыл әкімі асылып қалған

фото: ашық дереккөз

Тастемір Тұрсынбаев 1964 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, мамандығы бойынша мал дәрігері болған.

Еңбек жолын электромонтер болып бастап, Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің ветеринария бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. Кейін 16 жыл Петропавл ауылдық округінің әкімі болды.

2015-2018 жылдар аралығында Тастемір Тұрсынбаев Пресногорковский ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Үзілістен кейін ол бұл қызметке 2023 жылы қайта кірісті.

Оқиғаның қалай және қайда болғаны туралы әзірге толық мәлімет жоқ.