Өнер • 22 Наурыз, 2024

Наурыз көже дайындап жатқан Мақпал Жүнісова елді тәнті етті

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова наурыз мерекесіне дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Наурыз көже дайындап жатқан Мақпал Жүнісова елді тәнті етті

Өнер иесі желіде наурыз көже дайындап жатқан сәтінен видео жариялап, елді тәнті етті. Мақпал Жүнісова наурыз мерекесіне қалай дайындалып жатқанын Instagram парақшасында көрсетті.

Әнші жариялаған видеодан оның өз үйінде наурыз көже дайындап жатқанын көруге болады. Өнер иесі барша отандастарын  мейраммен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

- Құрметті халайық, келіп жеткен наурыз мейрамы құтты болсын. Отбасыларыңызда береке, мереке болсын. Еліміз аман болсын, ақ мол болсын. Міне, Наурыз көжемізді дайындап жатырмыз. Тойдан тойға жете беріңіздер, - деп жазған Мақпал Жүнісова.