Аймақтар • 23 Наурыз, 2024

Риддерліктер бұлақтың көзін ашты

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддер қаласында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі жалғасын тауып жатыр. Бүгін тазалық күнінде риддерліктер қаладан 10 шақырым жерде орналасқан ұлттық табиғи қорық аумағындағы қалың қардың астындағы бұлақтың көзін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерліктер бұлақтың көзін ашты

Фото автордан

Бейбітшіліктің бесігі болған игі бастамаға қаладағы 12 этномәдени орталықтың өкілдері, жастар және қариялар да белсене қатысты. «Жолаушы болсаң, осы ақ бұлақтай таза бол!» ұранымен өткен іс-шара мұнымен шектеліп қалмайды. Қар еріп, жер кепкен соң бұлақтың маңы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жер жолаушылап келе жатқан адамдар тоқтап су ішіп, тамаша табиғат аясында демалатын орынға айналады.