Фото: Астана әкімдігі
Қазір арнайы техниканың көмегімен тротуарлар мен жол жабындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қолмен және техниканың көмегімен жол жиегі тазаланады. Сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары еріген суды сорады.
Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Акцияға 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты. Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.