Qazaq air әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.
Рейстер заманауи, жайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқаннан 21:20-да ұшады.
«Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», - делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.